Хатико ең адал дос фильмі
Хатико ең адал дос фильмі он жылдан астам уақыт бұрын жарық көріп бірнеше жыл бойы қаза тапқан қожайынын вокзалда күткен иттің шынайы оқиғасына негізделген. Хатико адалдықтың символына айналды және Токиода оған ескерткіш орнатылды. Бүгінде де адамдар сол ескерткіштің жанында кездесулер белгілейді.
Хатико 1923 жылдың қараша айында Акита префектурасында дүниеге келген. Күшікті профессор Хидэсабуро Уэно сатып алып оған ерекше қамқорлық көрсетті. Ол күн сайын итін серуендетіп тамақтандырып жүнін күтіп отырды. Ит те қожайынына адалдығын көрсетті. Әр таң сайын оны Сибуя станциясына шығарып салып жұмыстан кейін қайта қарсы алатын.
1925 жылдың мамыр айында профессор инсульттан қайтыс болды. Ал Хатико соған қарамастан он жылға жуық уақыт бойы вокзалға келуін тоқтатпады. Ит 1935 жылы он бір жасында қайтыс болды. Профессордың шәкірттерінің бірі бұл оқиғаны бұқаралық ақпарат құралдарына айтып бергеннен кейін Хатико бүкіл елге танылды. Ол көшеде көптеген қиындық көрсе де адалдығынан айныған жоқ.
1933 жылы мүсінші Тэру Андо Хатиконың мүсінін жасап ол кейін вокзал алдына орнатылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қола мүсін балқытылып жіберілді. Алайда 1948 жылы мүсіншінің ұлы ескерткішті қайта қалпына келтірді және Хатико акита тұқымының символына айналды.
2009 жылы шыққан фильм 1987 жылғы жапон картинасын қайта түсіру болып табылады. Түсірілімге әртүрлі жастағы бірнеше ит қатысты ал дайындық жұмыстары жарты жылға созылды. Қыста иттер тоңып қалмас үшін арнайы киім кигізілді. Актер Ричард Гир сценарийді көз жасымен оқығанын мойындаған. Фильм идеясы Жапониядағы Хатико ескерткішінен әсер алған продюсер Вики Сигекуни Вонгтың ойынан туған.
Хатиконың тарихы адам мен ит арасындағы байланыстың қаншалықты терең екенін көрсетеді. Ал ескерткіш пен фильм әлемнің түкпір түкпіріндегі адамдарды әлі күнге дейін шабыттандырып келеді.
