«University Oxford университетінде қазақ тілі оқытылады»
2023 жылдың желтоқсан айында Астанада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Oxford Qazaq сөздігінің қазақша-ағылшынша сөздігін таныстырды.
Қазақстан мен Ұлыбританияның Оксфорд университеті өзара келісімге келіп, оған сәйкес университеттегі оқыту бағдарламасына қазақ тілі енгізіледі. Бұл ынтымақтастық екі ел арасындағы мәдени алмасуды дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Осы келісім аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ректорларынан құралған Қазақстан делегациясы әлемдегі ең беделді университеттердің бірі – университетте болды. Ол Оксфордтың Бодлиан кітапханаларындағы Қазақстан тарихына қатысты бірегей көне қолжазбалармен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, делегация университет кешенін аралап көрді. Осы мәдени құндылықтар алмасуына алғыс ретінде шараның екінші бөлімінде ҚР Білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек британдықтарға Oxford Qazaq сөздігінің бірінші басылымын табыс етті. Бұл лингвистикалық жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген.
«Тіл – халқымыз үшін үлкен құндылық. Бүгін қазақша-ағылшынша Oxford Qazaq сөздігін таныстыру арқылы біз жаңа тарихи босағадан аттап жатырмыз. Соның арқасында әлемде біздің мәдениетіміз бен халқымыз туралы көбірек білетін болады. Біз қазақ тілін қағаз жеткізгіштер арқылы дамытып қана қоймай, мемлекеттік тілді белсенді түрде цифрландырудамыз», — деді министр. (FORBES, 2024).
Сонымен қатар, министр жоғары білім саласындағы әлемдік жетекші сарапшылардың бірі, Білім департаментінің (Оксфорд университеті) ғылым жөніндегі орынбасары Майя Чанкселианимен келіссөздер жүргізді. Тараптар үш маңызды бағытты
талқылады: ғылыми тағылымдама бағдарламасы, академиялық шеберлік орталықтары бойынша кеңес беру және жоғары білім саясаты саласындағы кеңес беру.
Айта кетейік, 2023 жылдың соңында қазақша-ағылшынша Oxford Qazaq сөздігі шыққан болатын. Сөздіктің бірінші басылымы 60 мыңнан астам сөзден тұрады және 1300 беттен тұрады. Ол Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты мамандарының қатысуымен төрт жылдың ішінде құрылған, сондықтан да іргелі зерттеулер негізінде жазылған бұл еңбектің маңызы зор.
Сонымен қатар, «Qazaq Tili» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы сараптамалық пікірін білдірді: «Оксфорд баспасы дайындаған сөздіктер тізілімі негізге алынды.Оксфордтың Qazaq сөздігінің бірінші басылымында 60 мыңнан астам сөз немесе 500 мың сөз тіркесі.Сөздікте қазіргі қазақ және ағылшын тілдерінің лексикасының ерекшеліктері ескерілген, оның ішінде қазіргі мәдениет, ақпараттық технологиялар, экономика, қаржы және бизнес салаларындағы сөздер қамтылған. Сөздіктің таралымы 10 000 дана. » (SPUTNIK, 2024)
Оксфорд университетінде барлығы 40-қа жуық тіл, соның ішінде заманауи, классикалық, ежелгі және сирек тілдер оқытылады. Қазақ тілі университеттің білім беру бағдарламасына соңғы енгізілгендердің бірі болды. Сондықтан, Oxford Qazaq сөздігінің арқасында қазақ тілі Oxford Global Languages платформасына қосылды. Осылайша, қазақ тілі әлемдегі ең маңызды және негізгі 100 тілдің сөздік қорын біріктіріп, жалпы жаһандық тіл корпусына енді.
Олай болса, Оксфордта қазақ тілін оқыту сияқты еліміздің білім саласы үшін осындай қуанышты оқиға Қазақстан мәдениетінің бірегейлігін мойындау ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем студенттері мен зерттеушілерінің ой-өрісін кеңейту мүмкіндігі болып табылады. Қазақ тілі – жай ғана қарым-қатынас құралы емес, ол – әлемдік білім кеңістігінің белсенді қатысушысы болуға ұмтылған халқымыздың бай тарихын, салт-дәстүрін, менталитетін танудың кілті. Ал Оксфорд университеті сияқты беделді университетпен ынтымақтастықтың өзі қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оны әлемдік аудиторияға қолжетімді әрі қызықты етеді.
