Александр Македонскийдің жетістіктері
Түркияда б.з.д. 334 жылы болған әйгілі Граник өзені бойындағы шайқастың нақты орны анықталды. Бұл жеңіс Александр Македонскийдің Парсы империясы әскеріне қарсы алғашқы ірі жеңісі болып, Батыс Анатолияны Кіші Азияны парсы жерлерін және тіпті Үндістанның бір бөлігін қамтыған жаулап алуларға жол ашты.
Парсылардың жеңілуі көп жағдайда әскердің сәтсіз орналасуымен түсіндіріледі. Атты әскер алдыңғы қатарда ал жаяу әскер артта тұрған. Ұрыс барысында Александрдың өзі де қауіпті жағдайға тап болып, оны қолбасшылардың бірі құтқарып қалған.
Шайқас орнының анықталуы профессор Рейхан Керпенің жетекшілігімен Түркияның солтүстік батысындағы Чанаккале провинциясында жұмыс істеген археологтар мен тарихшылардың еңбегінің нәтижесі болды. Ізденістер жүз елу жылдан астам уақытқа созылды ал профессор бұл іске жиырма жылын арнаған. Негізгі әдіс көне дереккөздерді қазіргі ландшафттармен және археологиялық олжалармен салыстыру болды. 2024 жылы шайқас Бига жазығында қазіргі Бига ауылына жақын жерде болғаны дәлелденді. Ежелгі дәуірде Бига өзені Граник деп аталған және дәл осы жерде Александр әскерлері мен парсы патшасы Дарий III әскерлері қақтығысып, шамамен бес алты мың адам қаза тапқан.
Зерттеушілер Александрдың жорығының бағытын да қалпына келтірді. Ол жолын Эзбек ауылынан бастап Умурбей мен Лапсеки арқылы өткен тауларды асып Бига жазығына шыққан. Бұл деректер ұлы қолбасшының жүріп өткен жолын қайта құруға ғана емес, болашақта оның жорықтарына арналған туристік бағыт жасауға мүмкіндік береді.
Александр Македонский б.з.д. 336 жылы Македония патшасы болып, бар болғаны он үш жыл ішінде Парсыны Мысырды және Үндістанның бір бөлігін қоса алғанда орасан зор аумақтарды жаулап алған ұлы қолбасшы ретінде тарихта қалды. Ол эллинистік мәдениетті таратып Шығыс пен Батыстың дәстүрлерін тоғыстырды. Оның жорықтары ғылым өнер және философияның дамуына үлкен ықпал етті. Александр небәрі отыз екі жасында қайтыс болды, бірақ оның мұрасы бүгінге дейін тарихшылар мен зерттеушілерді шабыттандырып келеді. Қазан қаласында оның өмірі мен жетістіктеріне арналған көрме ұйымдастырылған.
